Жетісу облысындағы Үшарал-Достық жолында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды. Республикалық маңызы бар трассада жүк көліктерін тізгіндеген 40 адам Беларусь Республикасының азаматы болып шықты. Олардың бәрін құтқарушылар аман-есен Достық станциясына эвакуациялады. Жүргізушілер мединалық көмекке жүгінген жоқ. Төтенше жағдай қызметкерлерінің мәліметінше жол әлі жабық. Сондықтан тұрғындардың жолға шықпауларын сұрайды.
Қуаныш Қанатұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісу облысындағы Үшарал-Достық жолында қар құрсауында қалған 48 адам құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/187189/)