СҚО-да аудан орталығына жаңа емхана қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да аудан орталығына жаңа емхана қажет

03.01.2024

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына жаңа емхана қажет. Емдеу мекемесінде 46 мың тұрғын тіркеуде тұр. Ғимарат тәулігіне 200 адамды қабылдауға арналған. Ал іс жүзінде күніне орта есеппен 350-ге жуық тұрғын дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Бескөл ауылының тұрғыны халық қалаулылары Ольга Перепечина мен Әсем Рахметовамен кездесуде осы мәселені шешуге атсалысуды сұрады. Депутаттар 8 қаңтарға дейін ауылдарды аралап, облыстағы өндіріс ошақтарының ұжымдарымен кездеседі.

Әсем Рахметова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Мақсатымыз ең алдымен Сенатта атқарылып жатқан жұмыстармен таныстыру, ол жерде қандай заңдар қабылданып жатыр, ұандай мәселелер ерекше талқыланып жатыр. Одан кейінгісі жергілікті сайланған өзіміздің өңірімізде қордаланған мәселелер, сол жақта заңды негізде шешілетін мәселелер.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу