Сырдарияда сең жүріп жатыр
Сырдарияда сең жүріп жатыр. Күн райының жылуынан қаңтарда мұз еріп, өзен деңгейі едәуір көтерілді. Бүгінде облыс аумағына жоғарыдан секундына 429 текше метр су құйылып жатыр.
Қазіргі таңда сең Қызылорда қаласынан 83 шақырым жердегі Жетікөл жарма аумағына жетті. Мұздақтардың қалыңдығы 10-15 сантиметрден аспайды. Сондықтан мамандар Сырдариядан аса бір қауіп жоқ деп отыр. Дегенмен, өзен бойында су басуы ықтимал 29 аймақ белгіленген. Онда бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп, тасқынның алдын алуда арнайы құрылымдар мен техникалар тас-түйін дайын отыр.
Бейбітхан Спанов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
Қаланың төңірегі осы ПМК саяжайында дарияның деңгейі көтерілу белгісі байқалады. Өйткені, мұздың жиілеп жайлап Қызылорданың төңірегіне келе жатқандықтан. Дегенмен, 2,5-3,5 метрдей бізде ара қашықтық запас бар қорғаныс бөгетінде.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Телеарналар ғаламтор нарығымен бәсекеге түсіп жатыр
10.09.2026, 20:18
Ғасыр жасаған қарттардың отасқанына 70 жылдан асты
10.09.2026, 20:14
Экологиялық талапқа сай емес көліктерге шектеу қойылуы мүмкін
10.09.2026, 20:13
Президент: Ұдайы жапа шеккен ұлт кейпінен арылуымыз керек
10.09.2026, 20:10
Медицинадағы цифрландыру: 31 млрд теңге үнемделді
10.09.2026, 20:09
Депутат бейәдеп контент үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды
10.09.2026, 20:08
Құрылтайда заң жобалары үш оқылымда қаралады
10.09.2026, 20:06
Елена Рыбакина – әлемнің бірінші ракеткасы
10.09.2026, 20:05