Ақмола облысында бір мезетте 15 көлік соқтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бір мезетте 15 көлік соқтығысты

03.01.2024

Ақмола облысында қатты боран мен көктайғақтың кесірінен бір мезетте он бес көлік соқтығысты. Оқиға кеше Астана-Щучинск тасжолында болған. Дәл қазір бізбен осы өңірдегі тілшіміз Ұмсындық Наурызбаева тікелей байланысқа шығып тұр. Ұмсындық, көлік апатынан зардап шеккендер бар ма?

Ұмсындық Наурызбаева, тілші:

Көлік апатынан бір адам зардап шекті. Ол бас-ми жарақатымен Макинск қаласындағы ауруханаға жатқызылған. Полицейлердің мәліметінше, оқиға кеше түстен кейін болған. Көктайғақпен қатты боранның кесірінен жүргізушілер дер кезінде тоқтай алмай қалған. Оған қоса, жол нашар көрініп, қар да жауған. Оқиға орнына құтқарушылар жіберіліп, жолда қалғандарға көмек көрсетілді. Жалпы, соңғы бірнеше тәулікте өңірде ауа райы құбылып тұр. Қар аралас жаңбыр жауып, жолды көк мұз басқан. Желдің екпіні де күшейген. Сондықтан полицейлер алыс жолға шыққанда сақ болу қажеттігін ескертеді. Қазіргі таңда Ақмола облысына қарасты барлық жол ашық.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу