Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы артты

26.12.2023

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалы рекордтық деңгейге жетті. Биыл жүк тасымалдау көлемі 22%-ға өсіп, 28 млн тоннаға артқан. Бұл ретте отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауда нақты өсім бар.

Еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін бұрынғыдан да кеңейтетін Қытайдың Сиань қаласында тесттік режимде іске қосылған қазақстандық жүк терминалы. Аталған терминалдың құрылысын биыл мамыр айында мемлекет басшысының өзі бастап берген. Бүгінде бұл терминал алғашқы контейнерлік пойзды қабылдап үлгерді. Басты мақсат – жүк тасымалын жаңа деңгейге көрету.

Сиань Сунь Иминь, халықаралық сиань портының хатшысы:

Мұндай бірлескен үйлесімді жұмыс өз нәтижесін берді. Бүгінде жүк көлемі артып, болашақта бірнеше есеге өседі. Біз бастысы арадағы сенімді бағалаймыз және жүктерді жедел жеткізу бойынша бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз.

Терминалдың Сиань портынан бастау алуы да бекер емес. Қытайдағы әлеуеті жоғары шаһар бұрынғы Ұлы Жібек жолының негізгі торабында орналасқан. Қытайдан Еуропаға бағыт алатын жүк пойыздарының 40% осы Сиань қаласының үстімен өтеді. Қазір терминал жүктерді жеткізу мерзімін едәуір қысқартып, «соңғы миль» қағидаты бойынша қарқынды жұмыс істеп жатыр.

Ерлан Қойшыбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары:

Сиянь қаласындағы терминал оңтүстік-шығыс Азиядан ҚХР, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Еуропа, Халықаралық транскаспий көлік бағыты, Ресей бағытындағы трансконтинентальдық бағытта логистикалық тізбектегі маңызды буын және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру бағытындағы қарқынды серпіліс.

Бүгінде қазақстан жаһандық жүк ағындарына толық қосылды десек болады. Қазір тек жүктерді жедел жеткізу ұстанымы пысықталуда. Ал көршімізбен бірлесіп жасаған жоба қазақстан мен қытайдың сауда-экономикалық қатынасына серпін беретіні сөзсіз. Қазақстан темір жолы компаниясы қытаймен жүк ағынын екі есеге ұлғайтатын бақты-аягөз желісін салуды бастады. Болашақта үшінші шекара өткелі ашылады. Сонымен қатар, бірнеше ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Оның бірі елдің орталығынан шығысқа қарай Мойынтыдан Достыққа дейін, екінші теміржол желісінің құрылысы болса, Оңтүстікте - Алматы қаласын айналып өтетін Жетіген-Қазыбек би айналма жолы және Өзбекстан бағытындағы экспорттық тасымалдар артатын Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісі. Елімізде үш жылдың ішінде 1300 шақырымнан астам теміржол салынады.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу