Автогаздың шекті бағасы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автогаздың шекті бағасы бекітілді

26.12.2023

Энергетика министрлігі автогаздың шекті бағасын бекітті. Бұйрық қаңтардың бірінде күшіне енеді. Сұйытылған мұнай газының құны әр аймақта әр түрлі. Ең қымбат баға Алматы қаласы мен Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында, литрі 81 теңгеден. Астана, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында – 76 теңге болады. Ал ең арзан баға - Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында – мұнда автогаздың литрі - 54 теңгеден саудаланбақ.

Айта кететін жәйт, әр облыстың шалғай аудандарында шекті баға 5 теңгеге жоғары болады. Сондай-ақ, алдағы үш жылда, әр алты ай сайын сұйытылған газдың бағасы 5 теңгеге көтеріліп отырады.


Хабарламаларға жазылу