Белградта демонстранттар мэрияға басып кірмек болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белградта демонстранттар мэрияға басып кірмек болды

25.12.2023

Сербия астанасы Белградта демонстранттар мэрияға басып кірмек болып, ғимараттың терезесін сындырған. Оларды полиция бұрыш спрейін қолданып тоқтатты. Тәртіпсіздіктен 2 полицей жараланып, 35 адам ұсталған. Үкіметке қарсы шеруге мыңдаған адам жиналды. Олар апта бұрын өткен парламенттік және жергілікті сайлау әділ өткен жоқ деп мәлімдеп, оның қорытындысын жоққа шығаруды талап етті. Ресми мәліметтерге сай, биліктегі Сербия прогрессивті партиясын сайлаушылардың 47 пайыздан астамы қолдаған. Алайда оппозиция мен халықаралық байқаушылар сайлау нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеп отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу