2023 жыл бірден саяси реформалардан басталды. 1 қаңтардан сайлау заңнамасы мен сайлау жүйесіне енгізілген жаңа түзетулер күшіне енсе, 14 қаңтарда Парламенттің жоғары палатасы- Сенат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Конституциялық сайлау туралы заң бекітілгелі жаңа өзгерістер мен Сенаттың құрамы қалыптасты. Қазақстан халықтар ассамблеясының өздері анықталып келген 5 кандидатымен толықты. Саяси реформалардың нәтижесінде супер президенттік мүмкіндіктерді яғни, президент бұрын 15 кандидатты өзі бекітіп тағайындайтын болса, бұл жолы 5-ке дейін қысқартылды. Яғни бұл жерде суперпрезиденттіліктен барынша халықтық өкілеттілікке мүмкіндік берілді.
Сенат сайлауында тағы бір ерекшелік бар. Бұрынғы құрамнан 4 депутат қана өз орнында қалса, қалған 16 адам аймақтардан келді. Яғни, парламент жаңа саясаткерлермен толықты. Ал10 сенатордың бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынуға мүмкіндік алды.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Белгілі бір ұлтаралық қарым қатынасты ұйытушы ұйым ретінде оларға тек сенатқа мүмкіндік берілді. Ол жерде де 5 орын қалыптасты және де сол қалыптасу арқылы еліміздің тыныштығын, бірлігінің символы ретінде көрініс тапты.
Саяси науқан 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлаумен жалғасты. Мұнда да жаңашылдық бар. Араға 19 жыл салып, алғаш рет үміткерлер өзін-өзі ұсынуға мүмкіндік алды. Яғни, депутаттарының 30% мажоритарлық жүйемен сайланды.
Риззат Тасым, ҚҚДИ Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы:
Ең қызықтысы 8 шақырылым мәжілісінің 1 мандаттық окуругтар бойынша сайланған депутаттар қалған 4 саяси партиядан көбірек депутаттық сауал жолдаған. Саяси бәсекелестік ең жоғары аумақтарда әсіресе Алматы қаласы, Алматы облысы, БҚО, Астана қаласында саяси партиялар бір мандаттық окуругтағы кандидаттардан ұтылып қалғанын да ескеруіміз керек. Бұның өзі керісінше партиялық фракцияларға қосымша тепе-теңдік күш ретінде бір мандаттық кандидаттардың да үлкен бәсеке тудырғанын көрсетеді.
Саяси партияларды тіркеу жеңілдеп, партия мүшелерінің санына қатысты талап та түбегейлі өзгерді. Жергілікті мәслихаттар толығымен мажоритарлық жүйеге ауысты. Сондай-ақмәжіліс пен мәслихаттар сайлауында алғаш рет «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді.Яғни, халықтың протестік көзқарасы ескерілді.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Саяси партиялардың мәжіліске өту межесі 5 пайызға шегерілді және саяси партиялардың құрылуының өзі де 20 мыңнан 5 мыңға түскен болатын. 7 саяси институт араласты және соның 6 саяси партиясы мәжіліс пен маслихатқа орын алуға мүмкіндік алды. Бұл жерде әрине демократияның кеңдігін көрсетуімізге болады. Бұл жерде пікірлер алуандығы кеңейді. Бұл әрине саяси бәсекелестікті күшейтті.
Риззат Тасым, ҚҚДИ Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы:
Парламенттік сайлау кезінде ғана партияларға белсенді деген сын тағушы еді ғой. Ал содан кейін үнсіз болады да келесі сайлауда қозғала бастайды деген сын айтылушы еді. Ал, бұл керісінше партияларғада енді сайлау науқандары үздіксіз жүріп отырады. 00.05.37.04 – 00.05.55.00 Бұның барлығы партиялық өзара бәсекелестікті жандандыру оған қосымша жаңа көшбасшылардың пайда болуын содан кейін кез-келген аймақтық мүдделерді жеткізе алатын тұлғаларға орталық деңгейде мүмкіндік беру.
Биылғысаяси науқанның нәтижесінде алғаш рет мәжіліске 6 партия өтті. Сарапшылар сайлау заңнамасына енгізілген түзетулер партия құру ісіне серпін бергенін айтады.
Нұрбек Исабай, Астана халықаралық университетінің доценті:
Қоғамдағы азаматтардың саяси белсенділігін арттыратын бірден-бір құрал-саяси партиялар.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Мысалы кезінде біз көрдік қой 2007 жылы бір ақ партияның өкілдері 98 депутатты алып отырды, Нұр Отанның. Ал, енді ондай заман өтті. Қазірдің өзінде 7 партия қатысып, 6 партия парламенттен орын алып отыр. Салыстырып қараңыз. Қай демократиялық қоғам бізге қажет болашақ үшін, даму үшін?
Осылайша, жаңа сайлау жүйесі арқылы парламенттің қос палатасы80 пайызға жаңарды.Әрі алғаш рет әйелдер мен жастар және ерекше мұқтаждығы бар адамдар үшін 30 пайыздық квота енгізілді.
Риззат Тасым, ҚҚДИ Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы:
Әзірге біз табиғи емес, яғни механикалық түрде квота арқылы мүмкіндіктер беріп отырмыз. Ал алдағы уақытта бұл квотасыз да табиғи үрдіске айналуы керек.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Әйелдерге қатысты көзқарас саясатта соңғы 2 жылда ерекше көңіл бөлінді және екіншіден әйелдердің саясатқа деген қызығушылығы, олардың саясаттағы рөлі тағы да бөлінді. Президенттік сайлаудың өзінде бірнеше әйел кандидат өзінің бағын сынап көрді. Жылпы әйел азаматтарына деген көзқарас өте жоғары деңгейде екені көрініс тауып отыр.
Биылғы жылдың тағы бір саяси жаңалығы:алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы пилоттық режимде өтті. Саяси додада 164 кандидат таласқа түскен. Оның 69-ын партиялар, ал 95-і өзін-өзі ұсынған.
Нұрбек Исабай, Астана халықаралық университетінің доценті:
Жергілікті басқару дұрыс жұмыс істемейінше, мемлекеттік басқарудың тиімділігі туралы айту мүмкін емес. Біз толықтай жергілікті басқаруды демократияландырып, жергіліктің басқарудың бәрін өзін-өзі басқаруға жіберіп қоя салу ол да мемлекеттің біртұтас унитарлық сипатын сақтап қалу тұрғысынан қауыпті тенденция. Осы бағытта мемлекет өті бер сақтық пен біраз қорқынышпен белгілі бір қадамдар жасады. Бірақ олда дұрыс бағытта деп ойлаймын.
Риззат Тасым, ҚҚДИ Қоғамдық үрдістерді зерттеу орталығының басшысы:
Кез-келген аймақтық мәселелер өзін өзі басқару механизмдері арқылы шешім қабылдау керек. Орталықтан нұсқаулықтарды күтпей. Яғни, орталықсыздандыру саясатының көшуі аясында маслихаттардың жаңа бір рөлі аса маңызға ие болады.
Бұл форматтағы сайлаудың маңыздылығы сол: өңір әкімдері жұмысын дұрыс атқара алмаса, халық мандатын қайтарып алуға құқылы.
Аман Мәмбетәлі, саясаттанушы:
Бірінші рет бізге мүмкіндік беріліп отыр. Біз дауыс бергеннен кейін квотумдоверия жасап мандатын тартып алатындай мүмкіндік бар.
Серік Жұмабек, тілші
Ақша саясатына қатысты да оң өзгеріс бар. Биыл жылдар бойы талан-таражға түскен мемлекет байлығын қай¬тବру бойынша заң қабылданды. Соның арқасында шамамен 1 трлн теңге көлеміндегі заңсыз сатып алынған активтер елге қайтарылды. Экономиканы монополиясыздандыруғабағытталған жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.
Аман Мәмбетәлі, саясаттанушы:
Меніңше бұл процесс толықтай 100 пайыз ашық болу керек. Кімнен, қалай, не үшін, қашан, қайда кеткенін көзбен көре алатындай мүмкіндік болу керек.
Биыл адам құқықтарын қорғау мен демократия принциптерін сақтауға негізделген Конституциялық сот жұмыс істей бастады. «Бұл әділетті Қазақстанқұру жолындағы үлкен саяси шешім»,-дейді сарапшылар.
Нұрбек Исабай, Астана халықаралық университетінің доценті:
Конституциялық сот адамның конституциядағы құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін тікелей азаматтардан шығым қабылдай алады. Яғни, тікелей азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауын жүзеге асыру бағытында мемлекетте арнайы бір үлкен конституциялық орган құрылды, жұмыс жасап жатыр.
Биыл жүргізілген саяси реформалар – жемісін бірнеше жылдан кейін беретін шешімдер. Егер, әрине, жауапты органдар тиісінше орындаса. Жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша президент қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялаған еді. Биылғысында экономикалық бағдарға басымдық берілді. Бірақ бұл саяси реформалар аяқталды деген сөз емес. Мемлекет басшысы ол жалғаса беретінін мәлімдеді. Ал Жолдауда айтылған міндеттердің орындалуы үшін нақты мерзім бектілуінің өзі саяси қадам десек те болады. Үкіметке үш жыл беріліп отыр. Басты талаптардың бірі: жаңа өнеркәсіп саясатын құру, сол арқылы кәсіпкерлерді қолдап, қорғау. Сәйкесінше импортқа тәуелділікті азайту. Жер-жерде болып жатқан соғыстар, олардың салдарынан болған сауда тасымалындағы өзгерістерді ескерсек, алдағы жылдардағы басты саясат азық-түлік қауіпсіздігі, жалпы, ішкі нарықты отандық тауармен қамту болатын сыңайлы.
Серік Жұмабек
