«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Алтын тұғыр» жүлдесін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Алтын тұғыр» жүлдесін иеленді

21.12.2023

Астанада бірер минут бұрын ғана «Алтын тұғыр-2023» ұлттық сыйлығы үздік спортшылар мен жаттықтырушыларға табысталды. Шараға қатысқан әріптесім Дархан Рахымжан, қазір тікелей эфирге қосылады. Дархан, марапаттар кімдерге бұйырды?

Дархан Рақымжан тілші:

Шерхан, биыл «Алтын тұғыр» жүлдесінің он жылдық мерейтойы. Үздік спортшылар, шабандоздар анықталды. Бұл -- Ұлттық спорт қауымдастығының дәстүрлі мерекесі. Ұлттық спорт түрлері бойынша спорт федерацияларының саны биыл 6-дан 10-ға дейін көбейді. Қауымдастықтың бұдан өзге де жетістіктері мол. Дегенмен келесі жылы өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны үлкен жауапкершілік дейді.

Исламбек Салжанов, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті:

Елімізде Ұлттық спорт түрлері ауқымды дамып келе жатыр. Баршаңыз білесіз келесі жылы Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Президент тікелей қадағалап отыр. Соған бір үлкен дайындық жүргізіп жатырмыз. Ол біз үшін бір жағынан үлкен мәртебе, зор жауапкершілік

Дархан Рақымжан, тілші:

Сондай-ақ ақпараттық қолдау танытқаны үшін Ұлттық спорт қауымдастығы "Қазақстан" телерадиокорпорациясын да "Алтын тұғыр" сыйлығын табыстады.

Ләззат Танысбай, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы:

Бүгін үлкен ұжымымыз қара шаңырағымыз Қазақстан телерадиокорпорациясына берілген жаңағы премияны үлкен ықыласпен қабыл ала отырып, біз соны екі жыл бойы қатерлі ауруға шалдығып, сонымен күресіп жүрген бір әріптесіміздің қоржынына қосқан үлестеріңіз деп түсінеміз. Көп рахмет сіздерге!

Марапат әлі жалғасып жатыр. Айта кетейік, салтанатты шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, сондай-ақ спортшылар мен жанкүйерлер қатысуда. Алтын тұғыр ұлттық сыйлығы жайлы ертең таңғы эфирде толығырақ айтамын. 


Хабарламаларға жазылу