АҚШ елшісі отандық БАҚ-қа сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ елшісі отандық БАҚ-қа сұхбат берді

21.12.2023

Америка Қазақстанмен серіктестікті дамытуға ниетті. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм отандық ақпараттық агенттікке берген сұхбатында айтты. Елшінің айтуынша АҚШ үшін Орталық Азияның, әсіресе, Қазақстанның маңызы зор. Сондықтан барлық сала бойынша ықпалдастықты арттыруды көздейді. Мұны Америка президенті Джо Байденнің, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке-кездесу өткізуінен-ақ аңғаруға болады деді елші. Сондай-ақ Розенблюм Қазақстан президентінің іске асырып жатқан реформаларын қолдайтынын айтып, оның ел дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Әрі Нью-Йоркке дейін тікелей әуе рейсін ашу мәселесіне тоқталды. Айтуынша бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Сондықтан жақын болашақта Астана немесе Алматыдан АҚШ-қа тікелей әуе бағыты ашылуы мүмкін.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу