Ташкентте ерекше монумент ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ташкентте ерекше монумент ашылды

21.12.2023

Өзбекстан коррупцияны жоюдың ұлттық стратегиясын жасақтап, оны 2030 жылға дейін жүзеге асыруға мүдделі. Мұны осы елдің басшысы Шавкат Мирзиёев мәлімдеді. Антикордың жұмысына шетелдік тәжірибені көптеп енгізу, әсіресе тергеп- тексерудегі озық тәсілдерді қолдану жоспары бар.

Ташкентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің мықтап қолға алынғанын айшықтайтын монумент ашылды. «Tashkent city» халықаралық іскерлік орталығында орнатылған нысанның биіктігі он екі метр. Металлдан жасалған ерекше композицияда саусақтары ашық күйде көкке қарай созылған адам қолы бейнеленген. Бұл - адалдық пен тазалықтың нышаны. Әрі бүкіл әлем елдерін жемқорлықпен біріге отырып күресуге шақырып тұрғандай әсер қалдырады.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу