Мемлекет басшысы Әзербайжан президентін құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Әзербайжан президентін құттықтады

14.12.2023

Әзербайжан 2024 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының 29-шы конференциясы өтетін мемлекет ретінде таңдалды. Осыған орай Қазақстан Президенті Әзербайжан Президенті Илхам Әлиевке жеделхат жолдап, құттықтады. Бұл конференцияны табысты әрі нәтижелі өткізу үшін Қазақстанның жан-жақты көмек беруге дайын екенін жеткізіп, шараға белсенді қатысатынын жеткізген.

Бұл шешім – Сіздің еліңіздің халықаралық аренадағы беделі жоғары екенінің айқын дәлелі. Сондай-ақ Әзербайжанның тиімді және прогрессивті саясаты мен климатқа қатысты жаһандық күн тәртібіндегі асқақ мұраттарға бейілдігін мойындағанын білдіреді. Осынау ауқымды форумды көрікті Баку шаһарында өткізу Орнықты даму мақсаттарын ілгерілетуге елеулі үлес қосып, заманымыздың ең өзекті міндеттерінің шешімін табуға септігін тигізетініне, сонымен қатар аймақтық сипаттағы экологиялық мәселелерге әлемдік қоғамдастықтың назарын аударатынына сенімдімін. 


Хабарламаларға жазылу