Жыл соңына дейін Алматыда барлық ақылы автотұрақ қайта жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін Алматыда барлық ақылы автотұрақ қайта жұмыс істейді

14.12.2023

Жыл соңына дейін Алматыда барлық ақылы автотұрақ қайта жұмыс істейді. Қазір көлік жүгізушілері тек Медеу мен Алмалы аудандарындағы тұрақтарға сағатына ақы төлеп жүр. 

Қалған 6 аудандағы орындар кезек-кезек қосылады. Көлік жүргізушілері тұрақтың ақылы болғанын сол маңдағы мынадай тақтайшалардан көре алады. Ақысы өзгеріссіз, сағатына 100 теңге болып қалды. Тек Көк базардың жанында 150 теңге төлеуге тура келеді. Мұндай шешімді Алматы әкімдігі қабылдаған.

Талант Тайнов, «Алматы паркинг коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын» директорының орынбасары:

Бізде төлем қолма қол ақшамен жүрмейді, екінші деңгейдегі банктің мобильді қосымшалары арқылы жүргізіледі, СМС арқылы жүргізіледі, Алматы паркингтің мобильді қосымшасы бар, наличный рассчет пен КАССА 24 деген терминалдарға ақша құйып жүргізсе болады.

Ақылы тұраққа соғыс ардагерлері, Семей полигонынан зардап шеккендер, бірінші және екінші топ мүгедектігі бар көлік жүргізушілері және көпбалалы аналар төлемейді. Тұраққа таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін көлігін қойған қалған барлық азаматтар төлем жасауға міндетті. Әйтпесе 10 мың теңге айыппұл салынады. 

Естеріңізде болса, Алматыдағы автотұрақтар 15-шілдеден 11 қыркүйекке дейін тегін болды. Өйткені, 436 миллион теңге жымқырған A-parking басшылары сотталып, автотұрақтар түгел қала меншігіне қайтарлыған еді.

Қазір мегаполисте 19 мың автотұрақ орны бар.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу