Солтүстік Қазақстан облысында 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр

13.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысында 13 сүт фермасының құрылысы жүріп жатыр. Оның алтауы осы айда іске қосылмақ. Бұл туралы Президент қабылдауында болған облыс әкімі айтты. Ғауез Нұрмұхамбетовтың сөзінше, өңірдегі өнеркәсіп саласында 39 жоба жүзеге асып жатыр. Құны 469 млрд теңге. Бұл 6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биылғы қиындықтарға қарамастан аймақта 3 млн 700 мың тонна астық жиналған. Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавл қаласында 4 мектеп салынады. Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, облыс әкімі өңірдегі жылыту маусымы қалыпты режимде өтіп жатқанын жеткізді.

Ғауез Нұрмұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Инвестиция көлемі 20 пайызға өсті, сонымен қатар құрылыс, өнеркәсіп өсімі тіркелді. Жылыту маусымы қалыпты өтуде. Президент бірқатар тапсырма берді.


Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу