Түркі жұртын біріктіретін ақпараттық айналым қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі жұртын біріктіретін ақпараттық айналым қажет

24.05.2016
Түркі жұртын біріктіретін ақпараттық айналым қажет
Бұл туралы Алматыда өткен VIII «Келешекпен байланыс медиа конгресінде» айтылды.

Түбі бір түркі халқын біріктіретін ортақ ақпараттық айналым қалыптастыру керек. Бұл туралы Алматыда өткен VIII «Келешекпен байланыс медиа конгресінде» Түркия мемлекеті телевидение және радио жоғары кеңесінің басшысы Ильхан Йерликая айтты.

Басқосуға әлемнің бірқатар елінен 80-ге жуық түркітілдес журналист келді. Олар тарихы терең түркі жұртының рухани құндылықтарын бірігіп зерттеу, оны жүйелі түрде насихаттауды жолға қою журналистерге ортақ міндет екенін жеткізді.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу