Астанада бір тәулікте 300-ге жуық қоңырау түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бір тәулікте 300-ге жуық қоңырау түскен

12.12.2023

Саршұнақ аяз құтқару жасағының жұмысын көбейтті. Оған экранда көрсетілген мына фотосурет дәлел. Өткен түні өрт сөндіру қызметкерлері бет қарыған аязға қарамай, тілсіз жаумен күресті. Бір тәулікте төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне 266 қоңырау түскен. Құтқару жасағы 59 адамды түрлі жағдайлардан арашалап қалған. Ресми дерек бойынша, оның 12-сі бала. Қазір 4 адам эвакуацияланды. Мамандар қазақстандықтарды жылу құрылғыларын қосқанда сақ болуға шақырды.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу