Қарағанды облысында екі күнде 6 көлік өртенген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында екі күнде 6 көлік өртенген

11.12.2023

Өткен демалыс күндері еліміздің бірнеше аймағында аяздың көтерілуінен автокөліктерде де ақау жиілеген. Мысалға, Қарағанды облысында екі күнде 6 көлік өртенгені анықталған. Оқыс оқиғалар Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында болды. Өрттің шығу себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Жыл басынан бері облыста 144 автомобиль өртеніп, 1 адам жарақат алған. Өрт сөндірушілер жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, көліктердің техникалық жарамдылығына мән беруге шақырады.

Елдос Кеңесов, облыстық ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері:

Аяз басталғалы бері бізде 6 көлік өртену оқиғасы тіркелді. Бұл көліктердің жану себептері қыс мезгіліне байланысты көліктердің электроникасы дұрыс емес болып, үйден автозаводканы қосқаннан және отты ашық күйде қолданғаннан, яғни жылытамыз деп.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу