Павлодарда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері еңбек адамына құрмет көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері еңбек адамына құрмет көрсетті

09.12.2023

Павлодардағы қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері осы мекеменің аула сыпырушысына тосын сый жасады. Төлеген Мушкин 69 жасқа толды. «Бұрын біз аға дейтін едік, енді ата болды», - дейді әріптестері. Себебі, талай жыл бойы департамент аумағының тазалығына жауапты азаматтың зейнеткер екендігін ұжымда бірде-бір адам білмеген. Сырт көзге тым жас көрінеді. Оның үстіне, қимылы өте ширақ, жұмысты жылдам істейді, - дейді ұжым өкілдері. Тосын сыйға толқыған туған күн иесі құрмет көрсеткен ұжымға алғыс айтты.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу