«Болашақ» халықаралық стипендиясына – 30 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Болашақ» халықаралық стипендиясына – 30 жыл

08.12.2023

«Болашақ» халықаралық стипендиясына – 30 жыл. Елордада осы бағдарлама түлектері салтанатты форумда бас қосты. Мерекелік жиынды Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова, Мемлекет басшысының құттықтау хатымен ашты. Қасым-Жомарт Тоқаев бірегей жобаның артықшылықтары мен озық ойлы жастардың қалыптасуына септігін тигізгенін ерекше атап өткен. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 12 мыңнан астам маман еліміздің түрлі саласында табысты қызмет етіп келеді. Биылдың өзінде шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерінде оқуға 555 грант бөлінген. Жиын аясында көрме ұйымдастырылып, жас ғалымдар мен «Болашақ» түлектерінің ғылыми еңбектері таныстырылды.

Жәнібек Серікұлы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

«Болашақ» қауымдастығы бар, түлектердің басын қосатын. Соның аясында «Bolashaq Petroleum Club», яғни мұнайшылардың клубын құрып, 800-ден аса түлектің басын қосып жатырмыз. Біз халықаралық деңгейде білім алдық, тәжірибе алдық. Сол үшін жылдан-жылға шетелдік мамандарды алмастырып жатырмыз. Сондай тенденция жүріп жатыр қазір.


Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу