Бала қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы тиіс – вице министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бала қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы тиіс – вице министр

07.12.2023

Мектеп қабырғасында болған оқыс оқиғаны жасырып қалу мүмкін емес. Сондықтан мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оларға бірден жан-жақты көмек көрсетулері керек. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан осылай деді. Қазір, жарақат алған балаларға жедел жәрдем шақырмау деректері тіркеліп жатыр. Бұл заңға қайшы, әрі балалардың амандығы тұрғысында қауіпті шешім, - деді ол.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-Ағарту вице министрі:

Мектеп аумағында зардап шеккен адамдарға, әсіресе балаларға көмек көрсетуге қорықпау керек. Егер мұғалімдер кінәсіз болса ешкім оларды жазаламайды. Ал шынымен кінәлі болса, оны жасырып қалу мүмкін емес. Сондықтан, мұндай жағдайда алдымен балалардың денсаулығы мен өмірін ойлау керек.
БАЛА ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛСА, БҰҰ-ҒА ШАҒЫМДАНУҒА БОЛАДЫ 

Ал балалардың құқығы бұзылған жағдайда ата-анасы немесе заңды өкілдері Біріккен ұлттар ұйымына тікелей шағымдана алады. Бүгін Сенат депутаттары халықаралық конвенцияға қатысты хаттаманы ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы барлық деңгейдегі соттар қарап-шығарған шешіммен келіспеген жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіруге болады. Ал, халықаралық ұйымның комитеті әрбір істі қарап, нақты шешім қабылдайды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының бұл саладағы бастамаларын толығымен қолдайды. Бүгін қаралған хаттама соның дәлелі. Бұл құжат елімізде балалардың мүдделеренін қорғау тетіктерін жетілдіру үшін қосымша занамалық негіз қалыптастырады деп сенеміз.

Хабарламаларға жазылу