Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай Алматы облысында конференция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай Алматы облысында конференция өтті

06.12.2023

Тарихымызды түгендеп, кешегі өткен бабаларымыздың өмірін ұрпаққа насихаттау – бүгінгі буынның міндеті. Қазақ даласында қыпшақтар арасынан дүниежүзіне мәлім көптеген ғұлама, даңқты қолбасшы дүниеге келді. Осындай дарабоздардың бірі, аты аңызға айналған Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай Алматы облысында конференция өтті. Іс-шарада орта ғасырлық Қазақстан тарихындағы бізге жетпеген, тарихтың беймәлім беттерін зерттеу мәселесі сөз болды. Жиында сөз алған шетелдік ғалымдар Бейбарыс – Мысыр мен қазақ халқын байланыстыратын маңызды тұлға екенін атап өтті. Себебі, қолбасшы осы елдің гүлденуіне, мәдениетінің әлемдік деңгейге көтерілуіне зор үлес қосты. Қазір сұлтан жерленген қабір туристер көп баратын орынға айналған. Кешен Қазақстанның мұрындық болуымен сәулетті орталыққа айналып, қайта жанданды.

Муаффар Дуғмен, Дамаск университетінің профессоры:

Сирияның тарихында үлкен орын алатын Сұлтан Бейбарыстың сол жерде билік құруы және сол жерде өмірден өтуі қазіргі кезде Қазақстан мен Сирия арасында жақсы мәдени қарым-қатынасты нығайтуға негіз болды дей аламын. Оның қазіргі жатқан жері үлкен кешенге айналды. Кесене ішінде кітапхана, Сұлтан мен оның ұлы жатқан қабір бар. Оны қалпына келтіруде халықаралық ЮНЕСКО ұйымы мен Қазақстанның тікелей қаржылық қолдауымен жүзеге асты. Сол кезде қолданылған ою-өрнектердің қалпын бұзбау үлкен ыждаһаттылықты талап етті. Соның бәрін тарихқа қиянат жасамай қалпында келтіру біз үшін мәртебе болды. 


Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу