Елімізде креативті индустриядан түсетін табыс мардымсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде креативті индустриядан түсетін табыс мардымсыз

06.12.2023

Елімізде креативті индустриядан түсетін табыс жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына да жетпейді. Жас сарапшылар клубының отырысына қатысқан Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, осылай деді. Оның сөзінше, салада жұмыспен қамту мәселесі де өткір тұр. Ал креативті экономиканы дамыту үшін мемлекеттік органдар креативті жобаларды қолдап, өнімді коммерцияландыруға барынша қолдау көрсетуі тиіс. Бүгінде бұл бағытта «Мәдениет» және «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар» туралы заңнамаға өзгеріс енгізіліп жатыр.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бұл саланың даму әлеуеті айтарлықтай жоғары. Болашақта экономиканың дамуы да осы кретивті индустриямен байланысты болуы мүмкін. Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 3 пайызы бүгінде осы креативті экономикаға тиесілі. Жыл сайын 3 трлн АҚШ долларындай табыс түседі. Ондаған млн адам осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Сондықтан біз де қалыспауымыз қажет. Осы бағытта жұмыс істеуіміз керек.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, саланы дамыту үшін ірі қалаларға ғана емес, өңірлерге де басымдық берілуі тиіс екенін айтты. Бұл/ жергілікті талантты жастардың әлеуетін ашуға/ мүмкіндік береді деп есептейді.

Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:

Президентіміз осы саланы дамыту бойынша нақты-нақты бастамаларын айтқан болатын. Соның негізінде Үкімет арнайы тұжырымдама жасап, саланың даму мәселесіне қатысты кешенді жоспар бекітіп, оны жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатырмыз. 


Хабарламаларға жазылу