Танзанияның солтүстігінде су тасқынынан 63 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танзанияның солтүстігінде су тасқынынан 63 адам қаза тапты

05.12.2023

Танзанияның солтүстігінде төпелеп жауған жаңбырдан су тасып, 63 адам қаза тапты. Мұны осы елдің премьер-министрі Кассим Маджалива мәлімдеді. Оның дерегінше, тағы 116 адам жараланған. Жауын басталғалы Кения, Сомали, Эфиопия сияқты Шығыс Африка елдерінде алапат тасқындардан жүздеген мың адам үйлерін тастап кетті. Ғалымдардың пайымынша, «Қара құрлықта» су апаттарының жиілеуіне Тынық мұхиттың суын жылытып, атомосфераға жылы бу көтеріп жатқан «Эл-Ниньо» құбылысы себеп.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу