Эйр Астана компаниясы тоғыз жүз миллионға жуық айппұлды әзірге төлеген жоқ. Сот шешімінің заңды күшіне енгенін күтіп отыр. Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуе компаниясын толық бақылауға алды. Агенттік бұған дейін әуе компаниясын 1,5 жыл тексерген.
Жанна Қабдолдақызы, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті директорының орынбасары:
Осы жылдың 6 желтоқсанынан бастап отын алымын қолданбау. Екінші шара – келесі жылдың аяғына дейін бағаларды өсірмеу. Үшінші – келесі жылдың аяғына дейін төмен бағамен немесе орташа бағамен бағалардың жалпы саны 70 пайыздан көп болмау керек.
Ал Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов Эйр Астананың бұл әрекетін бассыздық деп отыр. Тұтынушылардың құқығын таптаған әуе компаниясын жолаушылар азаматтық сотқа беру керек, - дейді.
Марат Бәшімов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Азаматтар жиналып, сотқа беріп, ұтып алып, моральдық нәрсеге берсе әрі қарай осы компанияларды бақылауға аламыз. Өйткені бізде әбден қалыптасып кеткен, шетелдің инвестер десе, тиіспеңдер деген. Сот жүйесінде де оларға көзқарастары басқа болатын.
Расында, қазір әуе билеттерінің құны өте құбылмалы. Бұны әуе компанияларының көбі деваливациямен байланыстырса, енді бірі жанармайдың қымбатшылығымен түсіндіреді.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі келесі жылы ішкі рейстерге шетелдік бірнеше авиакомпанияның ұшақтары қосылатынын жеткізді. Демек, тұтынушылардың таңдауы артады деген сөз. Сондай-ақ қазір жанармай алымын алуды тоқтататын заңнамаға түзетулер енгізіліп жатыр.
Тәуірбек Бозекен, тілші:
Әуе компаниялары билет бағасының қымбаттауын «Халықаралық тәжириебеде солай» деп жылы жаба салуды әдетке айналдырған, дейді сарапшылар. Биыл әуе билеттерінің құны 10 пайызға өскен. Міне, қазірдің 16 желтоқсанға Астанадан Алматыға бағыт алатын ұшаққа билет құны барлық әуе компанияда 40 мың теңгеден жоғары. Оның өзінде 7-8 орын ғана қалды деп тұр. Бұл қарапайым халықтың да, мерекелік демалыста үйіне асығатын студенттің де қалтасын қағып алары сөзсіз.