Асыл тұқымды мал санының көбеюіне байланысты ет экспортының әлеуеті артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асыл тұқымды мал санының көбеюіне байланысты ет экспортының әлеуеті артты

02.12.2023

Түркістан облысында асыл тұқымды мал санының көбеюіне байланысты ет экспортының әлеуеті артты. Сайрам ауданының шаруалары жыл басынан бері ішкі нарықтан бөлек 16 мың тоннаға жуық етті көрші елдерге саудалаған. Еліміз ауыл шаруашылығының осындай мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналуды стратегиялық мақсат етіп отыр.

Ет комбинатында күніне 100-ден астам ірі қара сойылады. Өнім негізінен Алматы мен Астана қалаларына жіберіледі. Сонымен қатар іргедегі Ресей мен Өзбекстан секілді елдерден де сұраныс көп. Сондықтан қасапхана бүгінде толықтықтай экспорттық талапқа сай жабдықталған.

Мақсұт Тышқанбаев, ет комбинатының атқарушы директоры:

Өзбекстан Республикасы біздің әлеуетті тұтынушымыз. Сол елмен 20 мың тоннаға келісімшартымыз бар. Жылына 4-5 тоннаға дейін ет өнімін мығарып беріп отырамыз.

Сайрам ауданында қазір 1 мыңнан астам шаруашылық мал бордақылау кәсібімен айналысады. Олар биыл төрт түлік пен құс етін қосқанда 32 мың тонна ет сатқан. Бұл ауданда мал азығын дайындайтын кәсіпорындардың ашылуына негіз болды. Жем шығаратын цехтар кооперацияға бірігіп, мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып келеді.

Акбар Мырзакәрімов, цех басшысы:

Басында 4 астық сақтау қоймасын соқтық. оған субсидия алдық. Сонан соң зауыт салынды, оған да субсидия алдық. Өткен жылы кептіретін аппараттар алдық. Биыл оған да субсидия алдық.

Агроөнеркәсіп кешін дамыту үшін Сайрамда арнайы индустриалды аймақ жасақталмақ. 90 гектар жерге ет пен сүт өңдейтін кәсіпорындар және құс фермалары салынатын болады.

Шухрат Убайдуллаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары:

Өнім көлемі 9 айдың қорытындысымен 185 миллиард теңгеге жетіп отыр. Оның 56 пайызы ауылшарушалығы саласында өндірілген. Және 18 пайызы қайта өңдеу саласына тиесілі.

Түркістан облысында сондай-ақ балық өсіру ісі де жанданып келеді. Өңірлік бағдарлама бекітіліп, осы іспен айналысаты шаруашылықтар саны 220-ға жетті. Биыл 2 жарым мың тонна 2 жырым мың тонна балық етінің 80 пайызы экспортқа шығарылған.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу