Бразилияда төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда төтенше жағдай жарияланды

02.12.2023

Бразилияның Масейо қаласында 180 күнге төтенше жағдай жарияланды. Мұнда тұз өндіру шахтасына опырылу қаупі төніп тұр. Қарашада бұл жерде 5 мәрте жер асты дүмпуі болды. Тұз шахталарын игеруші компания әрекетінен топырақ шөккен. Тұрғындардан бұған жауапты компанияға 200 млн доллар айыппұл салу туралы арыз түсті. Соттың шешімімен кеніш орналасқан ауданнан ондаған отбасы қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті билік шахтаның құлауы жақын маңдағы елдімекендерге әсер етуі мүмкін екенін ескертіп отыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу