Алматы облысы өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен бойынша көш бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен бойынша көш бастады

01.12.2023

Биыл Алматы облысы өнеркәсіп пен агроөнеркәсіптік кешен бойынша көш бастады. Атап айтсақ отандық шырындардың 85 пайызы, балмұздақтың 60 проценті, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдардың төрттен бірі осы өңірде өндіріледі. Сондай-ақ облыс әкімі салада 34 жоба іске асырылып, мыңнан аса жұмыс орны ашылғанын жеткізді.

Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысының әкімі:

Өңіріміз өрік, алма, алмұрт басқа да дақылдар бойынша алғашқы үштікке кіреді. Жыл бойы өнім алуды қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендері мен сақтау қоймалары көбейтілуде. Қазіргі уақытта жалпы құны 85 гектар болатын 55 жылыжайымыз бар. 

G4 CITY ҚАЛАСЫНЫҢ 2 МЛН ТҰРҒЫНЫ БОЛАДЫ

Аймақ басшысы Қонаев және Алматы қаласының арасындағы «G4City» жобасы жүзеге асыру қайта қолға алынғанын айтты. 2050 жылы арнайы экономикалық аймақтың 2 миллионнан астам тұрғыны болады. Қазір «G4 City» қаласы бойынша 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту көзделген. Өз алдына әкімшілік аймақ болатын шаһар Қонаев қаласының да бір бөлігін қамтиды.


Тәуір Бозекен

Хабарламаларға жазылу