Мәжіліс саусақ ізін тапсыру міндеті туралы бастаманы заңнан алып тастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс саусақ ізін тапсыру міндеті туралы бастаманы заңнан алып тастады

30.11.2023

Мәжіліс төлқұжат пен жеке куәлік рәсімдейтін азаматтарды саусақ ізін тапсыруға міндеттеу туралы бастаманы Заңнан алып тастады. Бірақ бұл талап шетелдік азаматтар үшін міндетті болып қалады. Айта кетейік, «Мемлекеттік корпорация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы биыл 4 қазанда бірінші оқылымда мақұлданған. Көп ұзамай өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу