Алматыда Абай, Шәкәрім және Алашорда қайраткерлерінің шығармаларын қамтыған 35 кітаптың тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Абай, Шәкәрім және Алашорда қайраткерлерінің шығармаларын қамтыған 35 кітаптың тұсауы кесілді

28.11.2023

Алматыда Абай, Шәкірім, Мұхтар Әуезов, Мәшһүр Жүсіп пен Алашорда қайраткерлерінің шығармаларын қамтыған 35 кітаптың тұсауы кесілді.

Жинаққа қазақ әдебиетінің классик ақын-жазушыларынан бөлек, Кеңес Одағы заманының әйгілі қаламгерлері, еліміздің көрнекті жазушылары мен жас авторлардың да еңбектері енген. Олардың ішінде оңайлықпен қолға түсе бермейтін, іздегенде таптырмас академиялық зерттеулер де кездеседі. Кітаптардың жарық көруіне байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі де құттықтау хат жіберген. Оны Ұлттық кітап палатасының директоры - Әділ Қойтанов оқыды. Айта кету керек 35 кітаптың әрқайсысы 1 мың данадан басылып, Ұлттық кітапхаға сыйға тартылды.

Смағұл Елубай, Қазақстанның халық жазушысы:

Бүгін аспаннан кітап жауған күн деуге болады. Соның ішінде біздің де бір кітабымыз қосылып жатыр. Анау-ымнау емес «Абай» баспасы 35 кітаптың тұсаукесерін жасап жатыр. Бұл енді кітап әлемінде ерекше оқиға деп ойлаймын. Әуезов пен Жансүгіровтен бастап қазақ классиктерінің біразы бар екен.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу