Мәскеуді қалың қар басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуді қалың қар басты

28.11.2023

Мәскеуді қалың қар басты. Соның салдарынан алып мегаполисте көлік қатынасы тежеліп, авиациялық сапарлар кейінге қалдырылды. Ресей астанасына биыл бірнеше рет қар түсті. Қала мэрі тұрғындарды мүмкіндігінше қоғамдық көлікке ауысуға шақырды. Ал синоптиктердің хабарлауынша, Мәскеуде қар әлі екі апта қатарынан жаууы мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу