Шымкентте төртінші қабаттан лақтырып жіберген сәби көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте төртінші қабаттан лақтырып жіберген сәби көз жұмды

27.11.2023

Шымкентте осыдан үш күн бұрын туысы төртінші қабаттан лақтырып жіберген 2 жастағы сәби есін жимастан, көз жұмды. Дәрігерлер бүлдіршінді аман алып қалу үшін лапроскопиялық диагностика жасаған. Медициналық барлық көмекті көрсеткенімен нәтиже болмапты. Баланың өліміне себепші болған 40 жастағы азаматты полиция сол күні қамауға алды. Әзірге оның сырқатына байланысты ұзақ жылдардан бері психоневрологиялық диспансердің арнайы есебінде алынған азамат екені ғана мәлім.

Өмірбек Бекбердиев, қалалық полиция департаменті тергеу басқармасының басшысы:

Қылмыстық іс қозғалып, сезіктіге айып тағылып тергеу сотымен қамаққа алынды. Қазіргі таңда сезіктіге сот психиатриялық экспертиза тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Ғани Қалмаханов

Шымкент

Хабарламаларға жазылу