Батыс Қазақстанда қызылша жұқтырып, ауруханаға түскендер саны көбейді
Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырып, ауруханаға түскендер саны екі есе өскен. Қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 64 адам ем қабылдап жатыр. Дені – бала. Жыл басынан бері 261 науқас тіркелген. Оның 179-ы - кәмелеттік жасқа толмаған. Дерт, әсіресе, Орал қаласы мен Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарында дендеп тұр. Өңірде 3600 бала қызылшаға қарсы иммундалуы керек. Солардың 2 мыңына екпе салынған. Қорда 15 мың доза вакцина сақталған.
Айнаш Ғұбайдуллина облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Өткен аптада бізде стационарда 36-38 науқас болатын болса, екпеден бас тартқандардың салдарынан бүгінгі күнде аурушаңдық көбейіп кетті. Екі есеге жуық. Бүгін 64 болып отыр. Сондықтан тездетіп ата-аналарды егуге шақырамыз, балаларын алып келіп ектірсін.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада: Бүгін 9 спортшы жарысқа шығады
17.02.2026, 13:24
Десанттық бөлімдерде жауынгерлік тексеріс басталды
17.02.2026, 13:21
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшы пікір айтты
17.02.2026, 13:15
Референдум – ұлт болашағын айқындайтын стратегиялық қадам
17.02.2026, 13:12
Ақтөбе еңбек ұжымдары конституциялық жобаны талқылады
17.02.2026, 13:09
Коалиция мүшелері Жамбыл облысы халқымен жүздесті
17.02.2026, 13:06
АҚШ Таяу шығыстағы әскерін күшейтіп, бірнеше апталық операцияға дайындалуда
17.02.2026, 13:03
Импортты азайтуға септесетін нақты бағыттар айқындалды
17.02.2026, 13:00