Ажар Ғиният: Жағдай толық бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ажар Ғиният: Жағдай толық бақылауда

24.11.2023

Денсаулық сақтау министрі Астана ауруханалары лық толып, орын жетпей жатыр деген қауесетті жоққа шығарды. Ажар Ғиният жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын айтты.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Елорда ауруханаларында орын жоқ деген сыбыс шындыққа жанаспайды. Кеше ғана өзім барлық өңірлердегі санитарлық дәрігерлермен, денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен штаб жиналысын өткіздім. Жағдайды толық бақылауда ұстап отырмыз. 
Сондай-ақ министр де індеттің алдын алудың жалғыз жолы - екпе салдыру деп отыр. Ажар Ғиният көпшілікке үлгі көрсету үшін өз немересіне де вакцина салдырғанын айтты. «Елімізде вакцина жеткілікті. Күні кеше тағы 500 доза жеткізілді» деді ведомства басшысы. Айта кетейік,қызылша жұқтырғандар Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында да бар. Науқастардың көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар. Мамандар «олардың 90 пайыздан астамы вакцина алмаған» дейді. Жалпы жыл басынан бері осы індетті елімізде 17 мыңнан аса адам жұқтырған.


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу