Ақсудағы зауытта биыл 71 мың тонна қант өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақсудағы зауытта биыл 71 мың тонна қант өндіріледі

24.11.2023

Жетісуда мыс өндіріледі. Құрылғанына бір жарым жылдан асқан аймақтың экономикалық өсімі 113 пайызға жуықтады. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіштің бірі. Сонымен қатар 10 айда 240 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Орталық коммуникация қызметі алаңында брифинг өткізген өңір әкімі Бейбіт Исабаев осылай деді. 

Жетісудың жұрты электр энергиясынан таршылық көрмейді. Қуаты 1ГВт-ты жел электр стансасы салынады. Жобаға Сауд Арабиясынан 883 млрд. теңге инвестиция тартылмақ. Сонымен қатар, алдағы 2 жылда Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекен газдандырылады. Нәтижесінде халықтың 72% көгілдір отынның игілігін көреді. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге де ерекше ден қойылып отыр. Жыл соңына дейін 3 жарым мың тұрғын пәтерлі болады. Облыс әкімі енді Жетісуда жылына 50 мың тонна мыс өндірілед деп сүйіншіледі. 2025 жылы құрылысы басталатын кешенге 1 трлн теңгеге жуық инвестиция құйылмақ. 2200 адам жұмыспен қамтылады. Бейбіт Исабаев ауқымды жобаның табиғатқа залалы болмайды деді.

Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:

700 метр биіктікте таудың басынан ағатын бұлақтың суларын тосқауыл қойып жинап алады да кен орнын айналып өтіп, төменде жатқан Қоғалы өзеніне апарып құяды. Сондықтан су тазаланады. Экологияға ешқандай зияны келмейді.+ Біздің облысқа салынған инвестицияның 40 пайызын осы бір ғана жоба береді.
Биыл елде қант жеткілікті болмақ. 3 жылдан кейін жұмысы қайта жанданған Ақсудағы зауытта биыл 71 мың тонна қант өндіріледі. Әкімнің айтуынша, облыста «Ірі жобалар» бойынша алдағы екі жылда 25 млрд. теңгеге бас-аяғы 10 іргелі бастаманы іске асыру көзделген.

Хабарламаларға жазылу