Ресейде 20-дан астам адам психотропты препараттардан уланды
Астрахан облысында психотропты заттардан уланған 3 адам қайтыс болып, 20-дан астам тұрғын ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің барлығы Ресейдегі еңбек мигранттардан заңсыз жолмен препараттар сатып алған - дейді Ішкі істер министрлігі. Дәрігерлер барлық зардап шеккендердің метадонмен уланғанын хабарлайды. Тергеу комитеті бірнеше қылмыстық іс қозғады. Мамандар соңғы уақытта шетелдік жұмысшылардың тарапынан жасалған қылмыс саны көбейгенін атап өтті. Жалпы Ресейде еңбек мигранттарына талап қатаңдатылмақ.
Дмитрий Гусев, саясаттанушы:
Ресейде қанша мигрант барын білмейміз. Статистика бойынша 6-15 миллионның аралығында. 12 миллион еңбек мигранты. 20 пайызы ғана еңбек рәсімдейді. Яғни, кей мигранттар заңнаманы сақтамайды. Сондықтан заңға өзгерту енгіземіз. Енді еңбек мигранттары дәрігер, мұғалім, провизор, такси жүргізуші болып жұмыс істей алмайды.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында бұлақ көзін ашты
20.04.2026, 13:24
Банк қызметкерлері Есіл жағасын тазалады
20.04.2026, 13:21
Қара теңізге мазут төгіліп, құстар қырылды
20.04.2026, 13:18
АҚШ әскерлері Иранның сауда кемесін басып алды
20.04.2026, 13:15
Елімізде банктік бақылау күшейтілді
20.04.2026, 13:12
Жалған хабарлама тарату – қылмыс
20.04.2026, 13:09
Өрттен қаза тапқан үш баланың анасы есін жиды
20.04.2026, 13:06
Щучинсктегі жарылыстан зардап шеккен тағы бір науқас көз жұмды
20.04.2026, 13:03