Елімізде 2,9 млн жұмысшының жалақысы 50 % өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 2,9 млн жұмысшының жалақысы 50 % өскен

22.11.2023

Жыл басынан бері 11 мың кәсіпорын 3 млн-ға жуық қызметкердің айлығын 50 % көтерген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы мәлімдеді.

Сондай-ақ, 22 мыңнан астам еңбек адамының құқығы қорғалып, оларға 5,4 млрд теңге өтемақы төленген. Өкінішке қарай, биыл өндіріс ошақтарында 175 адам қаза тапқан. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға көп. Ал Еңбек инпекторлары жұмысшылардың құқығын таптаған кәсіпорындарға 170 млн теңге айыппұл салған.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу