Қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО операторларынан жасырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың жеке деректері ХҚКО операторларынан жасырылады

22.11.2023

Енді қазақстандықтардың жеке деректерін халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторлары көре алмайды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеке деректерге қолжетімділікті бақылау қызметін жариялады. Ол SMS арқылы жұмыс істейді, сол арқылы базадағы операторлардың «еркіндігі» шектеледі. Мәселен, азамат халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласса оған бірден СМС келеді.

Хабарламада көрсетілген кодты айтпайынша оператор жеке деректерді көре алмайды. Осылайша, келесі жылдан бастап барлығы осы қызметке қосылады», - деді ведомства басшысы.

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу