Қазақстанға оралған футболшыларды ел ыстық ықыласпен күтіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға оралған футболшыларды ел ыстық ықыласпен күтіп алды

21.11.2023

Қазақстанға оралған футболшыларды жанкүйерлер осылай қарсы алды. Ұлттық құрама ойыншыларын әуежайдан арнайы күтіп алған туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев бастаған жанкүйерлер тамаша сәттер сыйлағаны үшін спортшыларға алғысын айтты. Оларға бауырсақ пен қымыз ұсынып, шашу шашты. Алайда, футболшылардың көңіл күйі болмады. Дегенмен, ұлттық құраманың бас бапкері жеңілістен сабақ алып, құрама одан сайын мықты бола түсетініне сенім білдірді. Қазақстандық аяқдоп шеберлері келер жылы үмітті ақтаймыз деп отыр. Алдағы көктемде Грекиямен бәсекеге түседі. Егер жеңіске жетсе, Грузия-Люксембург арасындағы матчтың жеңімпазымен жолдамаға таласады.

Әділет Барменқұлов, «Қазақстан футбол федерациясының» президенті:

Шығамыз, 100 пайыз деп айтуға болмайды алдын ала. Бірақ сол бар күшімізді саламыз да шығамыз деп ойлаймын. Әттеген-ай бар. Енді бүкіл Еуропаның бәрі біздің ұлттық құраманы сыйлайды.


Хабарламаларға жазылу