Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына 3 млрд теңгеге айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына 3 млрд теңгеге айыппұл салынды

21.11.2023

Сапасыз қызмет көрсеткен байланыс операторларына 3 млрд теңге айыппұл салынды. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің сөзінше, жауапқа тартылғандар былтырғыдан 3 есе көп. Өткен жылы айыппұл көлемі 1 млрд теңге болған. Министр мұны тексерістің көбейгенімен байланыстырады. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын 50 нысанға ғана бақылау жүргізілсе, биыл 1 мыңға жеткен. Ал интернет сапасы бағасына сай болу үшін нарықта бәсекелестік болу қажет дейді министр. Ал мобильді операторлардың біреуін «Қазақтелеком» құрамынан шығару рәсімі келесі жылға қалыпты.

Бағдат Мусин, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

Бұл рәсімге негізінен бір жылдан үш жылға дейін уақыт кетеді. Бірақ «Қазақтелеком» бұл тапсырманы келер жылы орындауы керек деп есептеймін. Себебі тапсырманы Премьер-министр беріп, Мемлекет басшысының бақылауында екені белгілі.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу