«Еуразиялық Альянсқа» Қазақстан да қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Еуразиялық Альянсқа» Қазақстан да қосылды

21.11.2023

Бірнеше елдің демалыс орындары бір ұйымға топтасты. Арасында Қазақстан да бар. Еуразиялық альянсқа бізден басқа Өзбекстан, Ресей мен Әзербайжанның тау- шаңғы курорттары бірігеді. Қазақстаннан бұл бірлестікке «Шымбұлақ» демалыс аймағы қосылып отыр. Жоба жетекшілері Ташкентте бас қосып, қажетті келісімге қол жеткізді. Осы арқылы 4 мемлекет қысқы спорт түрлерін бірлесе дамытуға ниетті. Бір елдегі таулы аймаққа тоқтаған саяхатшының екінші елде де еркін аялдауға мүмкіндігі болмақ. Ақпан айына дейін ортақ «ски-пасс» яғни электронды абонемент әзірленеді. Оған қол жеткізген спортшы төрт елдің таулы курорттарында бірнеше қызметті тегін қолданады.

Ринат Әбдірахманов, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының бас директоры:

Қазір электронды платформаны әзірлеу жұмыстары қолға алынды. Ең алдымен деректерді сақтау, валюта алмастыру секілді мәселелерді шешу көзделіп отыр. Арнайы қосымшада бір ғана «ски-пасс» рәсімдеп, кейін онымен төрт бірдей курортқа саяхаттау мүмкіндігі жасалады.

Базаркүл Отыншева


Хабарламаларға жазылу