Қазақ-қырғыз жастары форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-қырғыз жастары форумы өтті

17.11.2023

Қазақ-қырғыз жастары ауқымды жобаларды бірлесіп жүзеге асыратын болды. Бұл туралы Бішкек қаласында өткен жастар форумында белгілі болды. Түрлі салада еңбек етіп жүрген жас туын өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, бірлесе жұмыс істеудің жолдарын талқылады.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Қазақ пен қырғыз – тамыры бір, тарихы ортақ, бауырлас халықтар. Біздің дәстүріміз бен ғұрпымыз, мәдениетіміз де ортақ. Бүгінгі форум да көнеден келе жатқан ынтымақтастықты жастардың санасына сіңіруді, жас ұрпақтың достығын арттыруды көздейді.

Форумға 100-ге жуық жас қатысты. Олардың қатарында қоғам белсенділері, мемлекеттік қызметшілер, сарапшылар, Қазақстан мен Қырғызстанның жастар және студенттер ұйымдарының өкілдері бар. Жиынға қатысқан Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бүгінгідей геосаяси тұрақсыздық жағдайында жұдырықтай жұмылып, сын-қатерлерді бірлесіп еңсерудің маңызды екенін айтты.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қазақ пен қырғыз – ежелден іргесі бөлінбеген, тарихы мен тағдыры егіз ұлттар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қырғызстан – еліміз үшін тек одақтас қана емес, бауырлас мемлекет екенін үнемі айтып келеді. Қырғыз елінің басшысы Садыр Нұрғожаұлы Жапаров та қыркүйек айында «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында біздің тарихымыз бір, мәдениетіміз бір, ұранымыз бір деген еді. Екі ел басшыларының бауырластық пен сенімге негізделген қарым-қатынасы барлық сала бойынша ынтымақтастықты бекемдеуге үлкен серпін беріп отыр.

Жиында бас қосқан жастар да, екі елдің арасындағы ынтымақтастықты арттыру жобаларын әзірлеуді бастап кеткен. Ынтымақтастық, білім, ғылым, мәдениет сияқты дәстүрлі бағыттарда ғана емес ІТ, жасанды интелект сияқты заманауи бағыттарды қамтымақ.

Мақпал Жұмабай, форумға қатысушы /Қазақстан/:

Адамның жарты минуттық сөзінен, дауысынан генерациялап кітаптарды шығаруға болады. мысалы, этикалық, заңдық, авторлық құқық жағы шешілетін болса біз Мұхтар Әуезов, Шыңғыс Айтматов секілді екі ұлтқа ортақ тұлғалардың кітаптарын өз оқуымен шығара аламыз. Сонымен қатар өте қысқа мерзімде керемет Қазақ және Қырғыздың әдеби жауһарларын жасанды интелекттің көмегімен визуализациялай аламыз.

Тілек Нұрдинов, Форумға қатысушы /Қырғыз Республикасы/:

Қырғыз бенен Қазақ ежелден бір туған елміз. Бауырлас елміз. мыңнан кейін де бауырласу үшін тіл бізді байланыстырып тұрады. жастардың дағы тіілі тура, тақ өнуі үшін шақырып отырады. Өйткені біз Қазақстанның тіл білімі институтымен жалпы Қырғызстанның жастары істеседі. қазақша жаз, Қазақ граммар, Қазақ граммар сияқты мықты мықты жастармен тілімпоз долборы жұмыс істейміз.

Сенат төрағасының Қырғыз Республикасына сапары кезінде ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 56-шы пленарлық отырысы өтті. Жиында парламентаралық ынтымақтастықты нығайту, Достастық елдерінің тілдерін дамыту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу