Еuro 2024: Ертең - Қазақстан және Сан-Марино ойыны - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еuro 2024: Ертең - Қазақстан және Сан-Марино ойыны

16.11.2023

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы өз алаңында Сан-Марино командасын қабылдайды. Матч ертең сағат 21:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл ойын Еуро-2024 чемпионатына іріктеу аясында шешуші ойындардың бірі. Қазір ұлттық құрама елордада жаттығу жұмыстарын пысықтап жатыр. Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев футболшылармен кездесіп, алдағы матчтарға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық командасы 21 қарашада сырт алаңда Словениямен ойнайды.

Магомед Адиев, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:

Ойыншыларымыздың дайындығы өте жақсы. Біз еліміздің әр тұрғыны Ұлттық құрамамен мақтану үшін қолдан келгенін жасаймыз. Қазірдің өзін де Еуропа біздің ойыншыларымыздың ойын барысындағы көрсеткішіне жақсы береді.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу