Еуропалық компания Қазақстанда тұрғын үй құрылысына қаржы салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропалық компания Қазақстанда тұрғын үй құрылысына қаржы салады

16.11.2023

Люксембургтық компания Қазақстанға инвестиция құйып, Астанада ақылды үйлер салуға ниетті. Жоспарды жүзеге асыру үшін еуропалық компания еліміздің Бельгиядағы елшілігінде қазақстандық «Forum Group Astana»-мен стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл Люксембургтық кәсіпкерлердің қазан айында Қазақстанға жасаған сапары барысында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі. Серіктестер енді құрылыс, өнеркәсіп салаларында біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асырмақ.

Джанкарло Флорес, «Lobox Architectes»компаниясының тең құрылтайшысы:

Біз үшін бұл керемет мүмкіндік. Біз Қазақстанда энергияны тиімді тұтынатын, тұрақты сәулет нысанын салмақпыз. Бір ай бұрын елдеріңізге сапарлап, Алматы мен Астанада болдым. Астананың заманауи сәулеті ғажап. Қазақстан халқы да керемет екен, қатты ұнады.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу