Сауд Арабиясымен бірлескен жобалар жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауд Арабиясымен бірлескен жобалар жүзеге асады

14.11.2023

Сауд Арабиясымен инвестициялық қарым-қатынас қарқын алмақ. Бүгін Премьер-министр осы тақырыпта арнайы жиын өткізіп, бірлескен инвестициялық жобалардың рәсімдерін жеделдетуді тапсырды.

 Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар тарапынан барлық қажетті шешімдер бір күнде әзірлену керектігін айтты. Араб инвесторларының қаржысымен Жетісу облысында қуаттылығы 1 гигават болатын ірі жел электр станциясы салынбақ. Жоба құрылысы 2025 жылға жоспарланған. Үкімет басшысы әлеуетті жобалар пулын мұқият зерделеу қажетігін айтты. Екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен тақырыптық бизнес-форум да ұйымдастырылмақ.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу