Ресей демографиялық тоқырауға ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей демографиялық тоқырауға ұшырады

11.11.2023

Ресей демографиялық тоқырауға ұшырады. Бала туу көрсеткіші кейінгі 24 жылда болмаған деңгейге жеткен. Мәскеудегі меншікті тілшіміз Индира Бегайдар бізбен тікелей байланысқа шығып тұр. Индира, демографиялық жағдайдың дағдарысқа ұшырауына не себеп болды?

Индира Бегайдар, тілші:

140 миллион халқы бар елде осы жылдың алғашқы алты айында 616 мың бала дүниеге келген. Мұндай тоқырау 1999 жылдан бері тіркелмепті. Басты себеп - өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі, экономикалық қиындықтар, инфляция. Былтыр Ресейде халық саны 600 мыңға азайса, арғы жылы 1 миллион 45 мың адамға кеміді. Үкімет демографиялық аухалды жақсарту үшін арнайы шаралар қабылдаған. Яғни, көпбалалы жанұяларға жеңілдетілген ипотека беріледі. Үй сатып алу үшін бастапқы жарна көлеміндегі аналық капитал қарастырылған.

Алексей Ракша, демограф:

Бірінші туған балаға 1 миллион рубль жәрдемақы төленуі керек. Екінші және үшінші бала үшін 1,5 миллион рубль аналық капитал берілсе, бала туу көрсеткіші бірден 15-20 пайызға өсетін еді.

Бұдан бөлек, түсік жасатуға тыйым салатын заңды қабылдау жағы да қазір қызу талқыланып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі жүктілікті жасанды үзуге арналған дәрі-дәрмектерді сатуды шектеп, жеке клиникаларды дәрілік жолмен түсік жасатуды тоқтатуға міндеттемек. Дегенмен, мамандар елдегі демографиялық ахуал келесі жылы да көңіл көншітпейді дейді. Бала туу деңгейі 6%-ке кемиді деп болжап отыр.

Индира БЕГАЙДАР


ресей демография дағдарыс бала туу көрсеткіші

Хабарламаларға жазылу