Бишімбаевқа қатысты тергеу жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бишімбаевқа қатысты тергеу жүріп жатыр

10.11.2023

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, экс-министр әйелін ұрып өлтірді деген ақпарат тарады.

Ішкі істер министрлігі мейрамханада жанжал болып, салдарынан бір әйелдің көз жұмғаны туралы мәліметті растады. Ал түрлі ақпарат агенттіктері Бишімбаевтың қаладағы мейрамханалардың бірінде әйелін мас күйінде ұрғаны туралы жазып жатыр. Әйел адам жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болған.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу