«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын қазақстандық инвестор сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын қазақстандық инвестор сатып алады

04.11.2023

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясын қазақстандық инвестор сатып алады. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Десе де нақты кімнің сатып алғалы жатқаны айтылмады. Белгілісі басынан дау арылмаған кәсіпорын нарықтағы бағасына сай саудаланбақ. Роман Склярдың айтуынша, инвестор ең алдымен өндірістік қауіпсіздікке қаржы құюды көздеп отыр. Оның көлемі бір миллиард доллар. Бұл шахтадағы апаттардың алдын алуы тиіс. Тура бір апта бұрын болған Костенко шахтасындағы апат кезінде 252 адам жер астында қалып қойған еді. Оның 206-сы құтқарылып, 46-сы көз жұмды. Қайғылы жағдайдан кейін Мемлекет басшысы Үкіметке Митталмен инвестициялық әріптестікті тоқтатуды тапсырған болатын.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу