Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысына электромобиль сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режеп Тайип Ердоған Мемлекет басшысына электромобиль сыйлады

03.11.2023

Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысқан Режеп Тайип Ердоғанға ілтипат білдіріп, елорда әуежайынан шығарып салды.

Ал Режеп Тайип Ердоған өзара құрметтің белгісі ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркияда шығарылған TOGG электромобилін сыйға тартты. Мемлекет басшысына жаңа электрокарды өзі таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, әріптесін TOGG электромобилінің өндірісін табысты іске қосуымен құттықтады.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу