Алматы облысында сүт өндірушілер халықаралық стандартпен оқытылады
Алматы облысында сүт өндірушілерге арналған консалтинг және оқыту орталығы ашылды. Еліміздің фермерлері сүтті сиырлардың санитарлық күтімінен бастап, жем-шөбін дайындау, жаңа туған бұзаулардың жеткілікті уыз ішуін арнайы хаттама бойынша қадағалауды үйренеді. Бұл – шаруа қожалықтарының пайдасын арттыруға, қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілетін сүт сапасын жақсартуға және мемлекеттің сүт импортына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. Сүт өндіру саласындағы біліктілікті арттыру Алматы облысындағы «Байсерке Агро» оқу ғылыми-өндірістік орталығының базасында жүргізілетін болады. Алғашында 5 тәлімгер дайындықтан өтеді.
Айнагүл Аяғанова, жоба басшысының орынбасары:
Жаңа туған бұзауға уыз беру керек екенін бәрі біледі. Бірақ қанша беру керек? Қай уақытта? Осыған мән бере бермейді. Уыз ол ішек арқылы өтетін иммуноглобулин. Оны жаңа туған бұзауға алғашқы 16 сағатта беру керек. Одан кешіксеңіз оның пайдасы жоқ. Уызына тоймаған бұзау аурушаң болады.
Уве Веддиге, жоба жетекшісі:
Бұған дейін мұндай оқыту орталығы Қазақстанның солтүстік аймағында ашылған. Нәтижесінде, 16 шаруа қожалығы сүт өндірудің қыр-сырын меңгерді. Әзірге басты міндетіміз – алғашқы бес кеңесшіні дайындау. Олар сиыр сауудан бастап, азықтандыру, сиырдың күтімі, мал басын көбейтуді халықаралық стандарттар бойынша үйренеді. Бұл салада тәжірибеміз бар.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сарапшы: Жастардың жігері – елдің тірегі
02.09.2026, 10:08
Жасыл балабақша – таза болашақ
02.09.2026, 10:06
Димаш жайлы жазылған 60 кітап елшілікке табысталды
02.09.2026, 10:06
Некені ұзарту туралы хабарлама келсе, сілтемеге өтпеңіз
02.09.2026, 10:06
Алапат тасқыннан аман қалған жалғыз үй
02.09.2026, 10:05
Кубада энергетикалық дағдарысқа қарамастан, балалар мектепке барды
02.09.2026, 10:05
АҚШ-тың соққысынан Иранда 5 адам қаза тапты
02.09.2026, 10:04
Қарағандыда авиациялық орталық ашылды
02.09.2026, 10:04