Экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді – сарапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді – сарапшы

19.10.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары ел экономикасының қарқынды дамуына сеп болады. Екі елдің Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, тауар экспорты, ауыл шаруашылығы және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ортақ келісімге келуі Қазақстанды үлкен табысқа жетелейді дейді шетелдік сарапшылар.

Александра Перминова, Қытай және қазіргі Азия институтының ғылыми қызметкері:

Әсіресе мұнай-газ, химия саласында қол қойылған келісімдерге ерекше тоқталып өткім келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев индустрияландыруға ерекше көңіл бөлгенін, тапсырма бергенін білеміз. Сондықтан қайта өңдеу саласында дәл осындай жаңа құжаттарға қол қойылғаны экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Қазақстан президентінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округіне барып, Ма Синжуймен кездесуі барысында да екіжақты тауар айналымының көбейгенін атап өтті. Бұл да өте маңызды.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу